Антарктидадағы мұзасты көлінде ерекше тіршілік иелері өмір сүрген

Антарктидадағы мұзасты көлінде ерекше тіршілік иелері өмір сүрген
Фото: flipboard.com

Өткен жылдың желтоқсан айында SALSA (Subglacial Antarctic Lakes Scientific Access) жобасының экспедициясы Антарктидадағы мұзасты Мерсер көлін зерттеуді бастаған.

Бұл көл бірнеше мың жыл бойы оқшауланып жатқанымен ерекшеленеді. Жалпы, Антарктидада 400-ге жуық мұзасты көлі бар. Бүгінгі таңға дейін тек соның үшеуі ғана зерттелген екен. 

Америкалық ғалымдар мұзда жасаған бір шақырымға созылатын ұңғымаға температураны өлшейтін арнайы құрылғыны түсірген. Артынша құрылғыға жабысқан балшықты зерттеген. Нәтижесінде ғалымдар әр түрлі тіршілік иелерінің іздерін тапты. Атап айтқанда диатомдық балдырлар, бунақ аяқтылар және тихоходокқа ұқсайтын өте ұсақ жануарлар өмір сүрген болуы мүмкін.

Әзірге қалың мұздың астында жатқан көлде қандай да бір тіршілік иелерінің қалай пайда болғаны белгісіз. 

Ғалымдар радиокөміртекті мерзімдеу арқылы организмдердің нақты жасын анықтамақ. Ал ДНҚ-ны талдау биологиялық пайда болуын тапса, химиялық талдау арқылы тіршілік иелерінің мұзастында не экожүйеде өмір сүргенін білуге болады.

Massaget