Pew Research Center мамандарының зерттеулеріне қарағанда америкалық жасөспірімдер Facebook әлеуметтік желісінің орнына Snapchat және Instagram-ды пайдалануды артық санайды екен. Америкадағы 13 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 51 пайызы ғана Facebook желісінен пайдаланады. Әлеуметтік желінің белсенділігі 2015 жылғы статистикамен салыстырғанда 20 пайызға түсіп кетті. Қазіргі күнде америкалық жастардың көпшілігі YouTube-тан (85пайыз), Instagram-нан (72 пайыз), Snapchat-тан (69 пайыз) пайдаланатыны мәлім болған. Ал, 2015 жылы жастардың 52 пайызы Instagram-нан пайдаланса, 41 пайызы Snapchat-ты қолданатын болған. Ол кезде YouTube каналы бұл статистикаға кірітілмеген екен. Facebook әлеуметтік желісі табысы орта отбасыларында әлі де белсенділігін жоғалтпаған.