Алматыда диодты жарықтандыруға көшу мәселелері талқыланды

Алматыда диодты жарықтандыруға көшу мәселелері талқыланды
Фото: brilux.com.ua

Ғалам жаһандану жолында көптеген ескі заттардың орнына тың дүниелер еніп жатқаны белгілі. Осындай қарқынды даму кезеңінде, елімізде ұзақ жылдан бері Ильич шамы атты лампаны жарық беретін диодтарға алмастыру көзделіп отыр. 2012 жылы бері қолға алынған жоба бүгінгі таңда пайдалы жақтарымен еленіп, ел ішінде кеңінен таралып жатыр. Бөлменің ішіне мейілінше жарықты көп беріп, керісінше токты көп қажет етпейтін диодтардың сақталуы да ұзақ мерзімге жетеді. Осыған байланысты Алматыда Қазақстан халқын жарық диодпен толықтай қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Жиын барысында БҰҰДБ-ГЭҚ "Қазақстандағы энергиямен тиімді жарықтандыруды ілгерілету" жобасының менеджері  Сырым Нұрғалиев: Байқауымызша, халық қазақстандағы диодты жарықтандырудың пайдасы туралы біледі. Алайда, нарықта сапасыз жарық диодты өнімдер көп болғандықтан, халықтың белгілі бір бөлігі жаңа лампаларға сенімсіздік білдіріп жатыр. Жұрт әлі де жарық диодты шамдардың тиімділігіне сенбейді. Жарық диодты шамдардың экологиялық жағынан ең қауіпсіз және қуат үнемдегіш шам екенін халыққа тағы да айтқым келеді. Жаңа лампалар қыздыру шамдарынан 10 есе және люминисцентті шамдарға қарағанда 3 есе кем электр қуатын тұтынады. Аталған шамдардың қызмет мерзімі 100 000 сағатты немесе 8-10 жыл үздіксіз жұмысты құрайды",– деді.

Қазіргі тағда ең алдымен мектептер, балабақшалар мен ауруханалар секілді қоғамдық жерлерді толықтай заманауи шамдарға ауыстыру көзделіп отыр. 

Базардың сапасыз әрі заңсыз саудаланып жүрген өнімдері кесірінен, нағыз пайдалы шамдарға сенімзідік туа бастаған. Себебі, арзан лампаларды тұтынатын жандар бағасы екі-үш есе қымбат затты тұтынады дегенге ешкім сенбейді. Сол себепті болашақта белгілі бір нормалар қойып, стандардқа сай болмаған өнімдерді өндірістен аластатамыз дейді мамандар.

B. ZHAQSYMBET