Oppo компаниясы камераның смартфонның бүйіріне орналастырып, ерекше гаджет жасап шығарды. Бұл жайлы нидерландының LetsGoDigital басылымы хабарлады.
Өнертабыс Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының базасына тіркелді. Компания инженерлері смартфонның бүйір тұсына перфорация жасап, камера орнатқан екен. Бұл камера тігінен емес, бүйірінен түсіреді. Қапталда тұрған нәрселерді суретке және видеоға түсіруге болады.
Мұндай конструкция көлемді сурет пен видео жасауға мүмкіндік береді. Телефонды ары-бері қозғап қажет емес. Инженерлердің айтуынша, бір көкжиектің бойымен қозғалған дүниенің бәріне фиксация жасауға болады.
"Егер суретке түсіргелі тұрған нысан қозғалса, бүйірде тұрған айна қозғалыс бойымен бұрылып, кадр жасайды", - деп түсіндірді патент иелері.
Компания аталмыш өнертабысты меншікке айналдырып тіркегенімен, шынайы смартфон жасауға қолдана ма әлде жоқ па – ол жағы белгісіз.
Айта кеткен жөн, стилус-камераны Samsung компаниясы да ойлап тапқан болатын. Ол да бүйірдегі нысанды видео мен суретке түсіруге мүмкіндік береді.