Алғаш рет 3D-принтер көмегімен кішкентай тірі жүрек басып шығарылды

Тель-Авив университеті ғалымдары адам қан тамыры мен жасушаларынан алғаш рет 3D-принтер көмегімен кішкентай тірі жүректі басып шығарды. Бұл туралы университет баспасөз орталығы хабарлады.

"Енді алдағы уақытта жүрек ауруына шалдыққан науқастар жылдар бойы жүрек донорының кезегінде тұрмайды немесе басқа ағзаны дене қабылдамауының алдын алу үшін түрлі дәрілер ішпейді. Бір сөзбен айтқанда жаңа медицинаға жол ашылды. Болашақта аурухананың өзінде әрбір науқас үшін дәл келетін қажетті ағзалар 3D-принтерде басылып шығады", – делінген хабарламада.

©euronews.com

Израильдың Kan мемлекеттік радиосының хабарлауынша, басылған жүрек құлпынай көлеміндей. Ол науқастың қан-тамыр бұлшық еттері жасушаларынан тұрады, дәнекер тінімен араласқан және 3D принтеріне орналастырылған май жасушаларынан құралған.

Израиль ғалымдары басып шығарған жүрек қазірдің өзінде қоянның жүрегін алмастыра алады. Бір жылдан кейін 3D-принтермен басылған жүректерді қоян мен тышқандарға көшіріп өткізу тәжірибелері басталады. Алдағы 10 жылда аурухананың өзінде адам жүрегін басып шығару мүмкін болады.