- Негізгі бет
- Техно
- Әлемнің ең үздік...
Әлемнің ең үздік әуе компаниясының бірінші класында ұшу қалай жүзеге асырылады?
Массаж курсы, жеке купе, спа-душ, бас аспаздан эксклюзив тағамдар – бұрардың барлығы өзіңізді хан әулетінен шыққан ханзада немесе ханшадай болуыңыз үшін ұсынылады. 2017 жылы TripAdvisor сайты Emirates әуе компаниясын әлемдегі ең үздік компания деп жариялады.
Зерттеу кезінде көптеген детальдар соның ішінде аяқтар үшін қолайлылық, орындықтың әдемілігі, жолаушыларға сапалы қызмет көрсету, тазалық, тамақ пен ішімдіктер және баға есепке алынған. Ұзақ уақыт сараптау нәтижесінде таяу шығысдағы танымал әуе компаниясы үздік деп танылған. Emirates 33 жыл бұрын құрылған әуе компаниясы. Өзінің қолайлы эканом кластарымен және сәнді бірінші кластарымен танымал. Emirates Airlines ("Эмирейтс" авиакомпаниясы) – Әлемнің басты авиакомпаниялардың бірі, базасы боп Дубай (БАӘ) қаласы саналады. 1985 жылы БАӘ үкіметімен Дубайда туризмді дамыту үшін құрылған. Авиакомпания Emirates Group тобына тиесілі.
Бұл компанияның ұшағындағы бірінші класс арзан емес. Лондоннан Дубайға саяхаттап барып келу үшін 4800 доллар төлейсіз. Бірақ Emirates бұл ақшаларыңыздың есебіне ұмытылмас сезімдер мен әсерлер сыйлайды.
Emirates әуе компаниясының А380 ұшағындағы бірінші класта ұшу мынандай көрініске ие болады. Егер сіз бірінші класс жолаушысы болсаңыз борт серіктің өзі сізді күтіп алады да орныңызға апарады.
Былғары орындық оңайлықпен жұмсақ жатын орнына айнала алады. Барлық қолайлықтардың арқасында өзіңізді қымбат қонақ үйге тап болғандай сезінесіз. Купеде сонымен бірге Bvlgari брендіне тиісті сумка да бар. Оның ішінде арнайы крем, тіс пастасы мен щеткасы және иіссу бар. Купенің жалпы өзі алтын жалатылған ағаштан жасалған.
Мұндай сәнді бірінші класс үшін A380 ұшағында бар-жоғы 14 орын бөлінген. Сол үшін қызметкерлер vip-жолаушыларға барынша сапалы қызмет көрсетеді.
Егер сіз 12 шақырым биіктікке салқындауды қаласаңыз жуыну бөлмесіндегі 2 спа-душтан пайдалануыңызға болады.
Жуынып болып бөлмеге келсеңіз сізді ыдыс толы жемістер қарсы алады.
Кез келген уақытта бас азпазға тағамға тапсырыс бере аласыз. Олар сізге тамақты Royal Doulton шыны ыдысына салып әкеледі.
Ұшу уақытында монитор арқылы түрлі фильмдер көруіңізге сонымен бірге видеоойындар ойнауыңызға болады.
Орындықтар болса арнайы панелдер арқылы массаж міндетін атқарады.
Бірінші кластық бар-ды Біріккен Араб Әмірліктерінің A380 тікұшағында кездестіре аласыз. Бұл ұшақ- бизнес-класс жолаушыларына эксклюзивті ішімдіктер ұсынады. Бұл жерден сапалы шараптар мен спирттік сусындардың көптеген түрін таба аласыз. Мысалы, атақты Woodford Reserve American Whiskey. Бармен сіздің сұрауыңызға сай кез келген ішімдікті тауып бере алады.
Т. Раушанұлы