- Негізгі бет
- Техно
- Әлемдегі тұңғыш электр...
Әлемдегі тұңғыш электр гидроұшақ сынақтан өтті
Harbour Air eBeaver атты тұңғыш электр гидроұшақ сынақтан сәтті өтті. Ол Ванкувердегі (Канада) Фрейзер өзенінің үстімен 3 минут ұшқан. Harbour Air компаниясының басшысы, пилот Грег Макдугалл ұшақтың алғашқы пилоты болды.
Макдугалдың айтуынша, электр ұшақтар авиацияның жаңа үшінші дәуірі, яғни "электр дәуірі" саналады.
"Бүгін – тарихи күн. Мен Harbour Air-дің авиациядағы инновация мен қауіпсіздіктің жаңа деңгейіне өткенімізді мақтанышпен айтқым келіп тұр. Канаданың авиация тарихында өз орны бар және біз жаңа дәуірге аяқ басқанымызға қуаныштымыз", - дейді ол.
eBeaver электр ұшағының бортына алты жолаушы сыяды. Ұшақтың моторы – magni500 (750 ат күшіне пара-пар). Бұл модель пропеллер ұшақтың қуатты жұмысын қамтамасыз етеді. Ұшаққа 35 минутқа жететін литий-ион батареялар орнатылған және қуаттың бір циклі 160 км-ге жетеді.
Harbor Air алғашқы коммерциялық тасымалын 2022 жылға жоспарлап отыр.
Harbour Air – 1982 жылы құрылған, гидроұшақ рейстерін жасайтын авиакомпания.
Massaget.kz