Әлемдегі ең үлкен көліктер

Әлемдегі ең үлкен көліктер
Фото: daily-moto

Өндірушілер саны саусақпен санарлық болғанымен, әлемде бұл саладағы бәсекелестік өте күшті. Өйткені алып көліктерді пайдалана алатын сатып алушылар да санаулы ғана.

Кейінгі жылдары Қытай да алып техника құрастыруды қолға алып жатыр. Негізінен бұл салада АҚШ пен Жапония көш басында.

Жолаушылар вагондары сыртқы түрі, жайлылығы және үнемділігі сияқты аспектілеріне қарай бағаланса, алып машиналарды таңдау жүк көтергіштігі, беріктігі және оларды қажетті жерге жеткізу сияқты аспектілерге негізделген. Бұл көліктер біз білетін жолдармен жүре алмайтындықтан, оларды көтеретін крандар өте аз, жалпы, таудағы шахталарға жеткізу өте қымбатқа түседі.

Бүгінгі таңда ірі автомобильдер арасында көшбасшылар:

 

© wajax.com

Hitachi EH50000AC-3

Жүк сыйымдылығы – 326 тонна. 2012 жылдан бері шығарылған бұл көліктің ұзындығы – 15,51 метр, ені – 8,6 метр, биіктігі – 7,41 метр. 16 цилиндрлі дизельді қозғалтқышы бар бұл жапон машинасы 90 км/сағ жылдамдыққа жетеді.

© amurmachinery

Caterpillar 795F AC

Caterpillar – брендтер арасында өте танымал АҚШ индустриясының мақтанышы. Caterpillar 795F AС көлігінің жүк сыйымдылығы 345 тоннаны құрайды. Көліктің жүкпен бірге салмағы – 628 тонна, ұзындығы – 15,15 метр, ені – 8,97 метр, биіктігі – 7,04 метр. Caterpillar 797F моделі де әлемдік нарықта сатылады. Бұл модель 400 тоннаға дейін жүк көтере алады және оның жалпы салмағын – 687,5 тонна. 2009 жылдан бері шығарылған бұл жүк көлігі өзінің кереметтігіне қарамастан 110 км/сағ жылдамдыққа жетеді.

Terex MT 5500 AC

Бұл  көліктің максималды салмағы – 598 тонна, ол 360 тонна жүк тасымалдай алады және 100 км/сағ жылдамдыққа жетеді. Өлшемдері де әсерлі – 14,87х9,05х7,67 метр. Жүк көлігінің ерекшелігі 16 цилиндрлі дизельді және  электр қозғалтқышы да бар.

© snabavto.com

Komatsu 960E-1K

Komatsu осы саладағы жетекші брендтердің бірі. Жүк сыйымдылығы – 360 тонна, жалпы салмағы – 635 тонна. 18 цилиндрлі V-тәрізді қозғалтқышы бар бұл жапон машинасы 100 км/сағ жылдамдыққа жетеді.

© schoolofrockmining

XCMG DE400

Бұл қытай көлігінің ерекшелігі оның ені. Ені – 10 метр. Ұзындығы – 16 метр, биіктігі – 7,6 метр. Бірақ баяу жүреді. Максималды жылдамдығы – 50 км/сағ. Бірақ жұмыстың бірегейлігіне сәйкес, төмен жылдамдық үлкен кемшілік емес. 2012 жылдан бері шығарылып келе жатқан бұл жүк көлігі – 363 тонна жүкті тасымалдауға бейімделген.

© kartinki24

БелАЗ 75601

Салмағы 672 тонна болатын бұл көлік – 396 тонна жүк тасымалдай алады. Өлшемдері 14,9х9,28х7,22 метр. Ол терең және үлкен карьерлерден алып тастарды тасымалдауға арналған.

© liebherr.com

Liebherr T284

Неміс ауқымды өнеркәсібінің символы, осы саладағы көшбасшылардың бірі. Максималды салмағы – 661 тонна болса, ол – 400 тонна жүкті көтере алады. Өлшемі –15,59x7,42x8,3 метр. 20 цилиндрлі, 3750 а.к. дизельді қозғалтқышы бар машина жылдамдығын 100 км/сағ дейін жеткізеді.

© belaz.by

БелАЗ-75710

Рекордтардың рекордшысы саналатын көлік 2013 жылдан бері өндірісте және құжаттамасына сәйкес 450 тоннаға дейін жүк тасымалдауға арналған. Бірақ 2014 жылдың өзінде ол полигонда 503,5 тонна жүк тасымалдап, абсолютті рекорд орнатты. Дене көлемі 157,5 м/куб. Максималды жылдамдығы 64 км/сағ. Жоғарыда айтылғандай, бұл салада төмен жылдамдыққа мән берілмейді.

P.S. Көптеген модельдердің бағасы жоғарыда көрсетілмеген. Мұның анық себебі бар – өйткені арнайы техника жалпы нарыққа арналған өнім емес. Әрбір өнімнің бағасы сатып алушының нақты не қалайтыны, жабдықтың қайда жеткізілетіні, оның болашақ қызмет көрсету шарттары және қосалқы бөлшектер жиынтығы сияқты факторларға байланысты есептеледі. Сонымен қатар, осыған байланысты келісімшарттар әдетте бір көлікке жасалмайды.

Бірақ жалпы бағасын шығаруға да болады. Жоғарыда аталған тізімнен бір көлік сатып алғысы келетіндердің орташа есеппен 10 миллион доллары болуы керек.

Т. Раушанұлы