Omdia компаниясының зерттеуінше, қазіргі кезде әлемде ең танымал әрі ең көп қолданылатын смартфон – iPhone XR екен.
Компанияның есептеуінше, былтыр Apple компаниясы iPhone XR-дің 46 млн данасын сатқан. Одан кейінгі орында iPhone 11 тұр. Одан 37 млн дана сатылған. Ал үшінші орында – Samsung Galaxy A10. Сатылған данасының саны 30 миллионнан асады.
Алғашқы ондыққа Apple мен Samsung компаниясының өнімдерімен бірге қытайдың Xiaomi компаниясының өнімдері де кірген екен.
Omdia зерттеу компаниясының ресми өкілі Джуси Хонгтың айтуынша, әзірше Apple-ге жетер, оның девайсынан асып түсер құрылғы жоқ. Apple-дің алғашқы қос орынды бермей келе жатқанына биыл – бесінші жыл.
Мәселен, 2018 жылы жылдың үздік смартфоны iPhone 8 (31,5 млн дана), екінші және үшінші орындарды iPhone X пен iPhone 8 Plus бөлісіп алған. Ал биыл бас жүлдені алған iPhone XR-дің ол кезде 23 млн данасы сатылған.