- Негізгі бет
- Техно
- Әлемдегі ең ірі...
Әлемдегі ең ірі электроұшақ сынақтан өтті
Әлемдегі ең үлкен электроұшақ – Cessna Grand Caravan 208B (eCaravan) Америка Құрама Штаттарында алғашқы сынақтан өтті. Ұшақ – магний-500 электр қозғалтқышымен жабдықталған, сонымен аттас ұшақтың модификациясы.
AeroTEC әуе кемесінің алғашқы рейсі Вашингтон штатының Мосс Лейк қаласында өтті. Грант Каунти әуежайындағы сынақ рейсі сәтті болды.
Ұшақ әуеде 30 минуттай ұшқан. Мамандардың айтуынша, мұндай құрылғыларды пайдалану шу мен ауаға тарайтын улы газды, сонымен қатар ұшу кезіндегі 1 сағатқа кететін шығынды айтарлықтай азайтады.
"Мен біздің инженерлерді, тәжірибе өткізген техниктерді және команданың инновациялық жұмысын мақтан тұтамын. Электрлі ұшақтарды сынау және сертификаттау үшін ешқандай жол картасы жоқ, бұл жаңа шекара, ал AeroTEC – бұл саланың алдыңғы қатарында", - дейді компанияның бас директоры Ли Адам.
Ұшақпен 5 жолаушыны тасымалдауға және 160 км қашықтыққа ұшуға болады.
Қазір Cessna Grand Caravan 208B сертификаттаудан өтіп жатыр.