- Негізгі бет
- Техно
- Әлемдегі ең қымбат...
Әлемдегі ең қымбат домен қанша тұрады?
Домендік атаулар нарықта толықтай тауар болып саналады. Әлемде ең алғашқы домен қашан тіркелгенінен хабардарсыз ба? Домен жайлы сіз бен білмейтін қызықты деректерді осы мақаладан білетін боласыздар.
Әлемдегі ең алғашқы домен Symbolics.com 1985 жылы 15 наурызда тіркелген. Ол уақытта электронды пошта да, өтімді сайттар да болмаған. Сол себепті домен жайлы көп адам білген жоқ.
Қазақстандағы алғашқы домен 1994 жылы 19 қыркүйекте тіркелген. Microsoft-тың өзі домендерге көп қызығушылық таныта қойған жоқ. Бұған тек 1995 жылдан бастап қана ден қоя бастады. Домендік атаулардың бағасы уақыт өткен сайын көтерілуде. Тіпті, оны жақсы шараптың бағасымен салыстыруға да болады. Бағаның көтерілуіне басты себеп – іздеу жүйесі рейтинг бойынша бірінші тұрған домендік атауға басымдықты көп беруінен.
Әлемдік гигант Google қытайлық қолданушыларының жүйеге кіруін жеңілдету мақсатында дүниежүзіндегі ең қысқа домен ойлап тапты. G.cn доменіне кірген адам бірден Google-дің сайтына кіруге мүмкіндік алады.
Ресурстың дамуында интернет мекен-жайының рөлі өте зор. Кей адамдар домендік атауларды сатуды бизнеске айналдырған. Әлемдегі ең қымбат интернет мекен-жай болып PrivateJet.com сайты саналады. Оның бағасы 30 миллион доллар тұрады.
Ірі холдингтердің бірі оны өзінің бизнесін дамыту үшін рекордтық бағаға сатып алған. Әлем бойынша сақтандыру саласындағы көш бастап тұрған интернет ресурстардың бірі Insure.com. Ғаламтор кеңістігінің иелері адам өмірін сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді. Доменнің бағасы 16 млн доллар шамасында.
Google корпарациясының игілігі үшін қызмет еткен Сэнмэй Вэд электронды поштасынаGoogle.com домендік атауы бос деген хабарлама келгенде, қуанышын сөзбен айтып жеткізе алмаған. Оның құны бар болғаны 12 доллар болды. Алайда, Вэдтің қуанышы ұзаққа созылмады. Google Domains компанияның бұрынғы қызметкерін сатып алудың күшін жоюға жібереді. Хатта Google.com. доменін басқа біреудің иеленгені айтылған. Вэдке сол күні-ақ өзінің 12 долларын қайтарып береді. Бірақ ол бұған көп көңілін түсірген жоқ. Автор 1995 жылға дейін домендік атауды тегін тіркету жайлы айтты. 1995 жылдан кейін оларды сатуға деген құқықты Network Solutions ұйымы өзіне алды. Басында домендердің бағасы 100 долларға дейін жетсе, кейін бірден 70 долларға құлдырап кеткен.
Желіде 250 миллионға жуық домендік атау тіркелген. Әр жыл сайын олардың саны 12%-ға дейін артады. Ғаламтордағы сайттардың саны 26,5 миллионға жеткен.
Ник Бери – Data Genetics интернет ресурсын ұйымдастырған бағдарламашы. Ол әлемдік тордағы ақпараттарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Ник әлемдік кеңістік жайлы қызықты деректер жариялаған. .Com аймағындағы атаулардың орташа ұзындығы 12 символ болса, .Net-те 11 символ. .Com аймағында домендік атаулардың 12%-да дефис белгісі бар. Екінші деңгейлі атаулардың бәрінде «Е» әріпі кездеседі. Сайттардың көбісінің атауы «S» әріпіне басталып, аяқталады. .Com аймағындағы домендік атаулардың 9%-да ғана цифрлар кездеседі.
Т. Есқали