Озық үлгідегі техника жасаудан алдына жан салмайтын жапондықтар рекордтық көрсеткішке жеткенше тыным таппайтыны белгілі. Олардың жаңа жұмысы жұртшылықты қатты таңғалдырып келеді. Олардың жасап шығарған ұзындығы небәрі 83 сантиметр болатын эскалаторы Гиннес рекорд кітабына енді. Мұнымен жапон ғалымдары тек үлкен көлемде ғана емес, кішкентай дүниелермен де әлемді аузына қаратуға болатынын тағы бір дәлелдеді.
Шанхай қаласындағы жапон әмбебап дүкеніндегі спиральді эскалатор әлемдегі ең ұзын электронды баспалдақ болып есептеледі.