Әлемде жылдам жүретін пойыздар өте көп. Бірақ олар рекорд орнатқан жылдамдығын жолаушылар тасымалдау кезінде максимал түрде пайдаланбайды. Кейбір рекордтар арнайы темір жолдарда жүзеге асырылса, кейбірі магнит құрылғысы арқылы жүзеге асырылады. Ендеше біз әлемдегі ең жылдам 10 пойыз туралы әңгімелейтін боламыз. 10. Eurostar e320Сағатына 320 шақырымдық жылдамдықпен қозғалатын бұл пойыз Лондон, Париж және Брюссель араларын бір-бірімен байланыстырады. Eurostar e320 ұзындығы 560 шақырым болатын атақты Ла-Манш бұғазы арқылы жүреді.Жолаушылар көздеген мекеніне орташа есеппен 2 сағат 15 минутта жетеді. Бұл пойыз немістің Siemens Velaro зауытында құрастырылған болса да, Eurostar Франция, Ұлыбритания және Бельгияның біріккен жобасы болып есептеледі. 9. Talgo 350Біз жақсы білетін, еліміздегі жолаушыларға қызмет көрсететін Тұлпар пойызы Patentes Talgo S.L. компаниясына тиесілі осы пойыздың модификацияланған түрі. Бұл пойыздың дамыған нұсқасы арнайы жолдарда жылдамдығын сағатына 350 шақырымға дейін арттыра алады. Оны испаниялықтар тұмсығы үйрекке ұқсайтын болғандықтан Pato (үйрек) деп атайды. Ал еліміздегі Тұлпар- Talgo250 пойызы максимал жылдамдығын сағатына 250 шақырымға жеткізе алғанымен, жолаушыларды тасымалдау кезінде сағатына 140-160 шақырым жылдамдықпен ғана қозғалады. 8. ShinkansenЖапонияның өте жоғары жылдамдықпен қозғалатын пойыздарының бірі Shinkansen Е5 және Е6 модельдері. Бұл пойыздар қажет жағдайда жылдамдығын сағатына 400 шақырымға дейін жеткізе алады. 7. Velaro ESiemens Velaro деп аталатын бұл пойыз Испанияның RENFE темір жол компаниясына тиесілі. Ол максимал жылдамдығын сағатына 404 шақырымға дейін арттырады және бұл жағынан Испаниядағы ең жылдам пойыз болып есептеледі. 6. Aerotrain I80Француз инженері Жан Бертен ойлап тапқан пойыз реактив-қозғалтқышпен жүреді. Жан Бартен туындысымен 1974 жылы жылдамдық бойынша рекорд орнатқан. Бірақ сағатына 430 шақырым жылдамдықпен қозғала алатын бұл пойызға бірде-бір жолаушыны тасу бақыты бұйырмаған. 1977 жылы Жан Бертен қайтыс болғанан соң жоба қаржысыз қалып, жабылған. Бірақ инженердің идеялары өлген жоқ. Магнит және ауа жастығы арқылы қозғалатын тәсіл басқа пойыздарда кейіннен қолданыла бастады. Бұл туралы біз кейін көлемді мақала жариялайтын боламыз. 5. CRH380AҚытайда 2010 жылы пайдалануға берілген темір тұлпардың ерекшелігі аталған пойыз қытайлық инженерлердің шет елдік конструкциялар және технологияларынсыз құрастырылған алғашқы отандық өнімі болып есептеледі. CRH380A пойызының максимал жылдамдығы сағатына 486 шақырым, бірақ 2011 жылғы апаттан кейін жылдамдығын 300 км/сағат етіп шектеген. 4. Shanghai Maglev TrainБұл магниттік жастықшада қозғалатын алғашқы коммерциялық пойыз тұңғыш рет 2004 жылы релске шығып, жылдамдығын сағатына 500 шақырымға дейін арттырған. Қазір SMT Шанхай қаласының шеткі аудандарын Пудун халықаралық әуежайымен байланыстырады. 3. TGV POS2007 жылы модификацияланған пойыз қарапайым көліктер арасындағы әлем рекордын орнатып, жылдамдығын сағатына 575 шақырымға жеткізген. Кейін пойызға бірқатар өзгерістер енгізілді. Үлкен дөңгелектер орнатылып, 2 қозғалтқыш ғана қалдырылды. Осыдан соң ол Франция мен Швейцария арасына қатынай бастады. Орташа жылдамдығы сағатына 320 шақырым. 2. JR-Maglev MLX012003 жылы Жапонияның Яманаси округінде орналасқан арнайы 40 шақырымдық темір жолда сағатына 585 шақырым жылдамдықпен қозғалған MLX01 пойызының рекордын кейінгі 12 жылда осы санаттағы ешқандай транспорт жаңарта алмаған. 2015 жылда ғана ол өзінің көшбасшылық орнын кейінгі ұрпаққа босатып берді. 1. SCMaglev L0 SeriesМагнитпен қозғалатын бұл темір тұлпардың жылдамдығына анау-мынау ұшақ ілесе алмайды. 2015 жылы 603 шақырым жылдамдықпен қозғалғанSCMaglev L0 Series-тіңішінде тек машинист қана болған екен. Жапонияның технология ғажайыбы саналатынSCMaglev L0 Seriesбүгінде Токио-Осака аралығында қатынайды. Бірақ жоғарыда айтып өткен пойыздардай бұл да макимал жылдамдығын пайдаланбайды. Бұл пойыздарды неге Еуропа, Қытай немесе Жапонияда ғана пайдаланатынын түсіндіріп кеткен дұрыс. Орташа 800-1000-ға дейін жолаушы тасымалдайтын жылдам темір тұлпарлар шығынын ақтау үшін халық жоғары тығыздыққа ие болуы керек яғни халық көп болуы шарт. Сонымен бірге ежелден келе жатқан пойызда отыру мәдениеті қалыптасқан болуы керек. Айта кетерлігі Кәрі құрлық, Жапония, Қытай пойыздары өздерінің жылдамдығымен танымал болса да темір жол жүйесіндегі қызмет көрсету көлемі жағынан ешқандай компания Үндістан мемлекеттік теміржолдары (Indian Railways) компаниясымен теңдесе алмайды. 1832 жылы негізі қаланған бұл компания жылына 350 миллион тонна жүк, ресми түрде 6 миллиард жолаушы тасымалдайды. 6 миллиард дегеніміз шартты түрде. Соншама билет ресми сатылғанымен, жолаушының нақты санын ешкім айта алмайды. Себебі, іші түгіл үстінде құжынаған көп адамдары бар Үндістан пойыздарын көпшілік көрген. Және бұл жиі-жиі қайталанып тұратын жағдай.