Әлемдегі ең инновациялы компаниялар

Әлемдегі ең инновациялы компаниялар
Фото: voorhes.com

Fast Company журналы инновациялық тұрғыда белсенді, табысты компаниялардың тізімін жасады. Жыл сайын жарияланып тұратын рейтингте бірнеше жыл бойы үздіктер қатарында болған компаниялар төмен түсіп қалған. Мысалы, Apple компаниясы.

Америкалық журналдың рейтингінде қытайлық Meituan Dianping ең инновациялы компания атанды. Тағам жеткізу қызметі, мейрамхана, қонақ үй брондау сервисімен айналысатын Meituan Dianping 2018 жылдың бірінші жартысында $33,8 миллиард сомаға 27,7 миллиард транзакция жасаған. Аталған рейтингте былтыр ғана ең инновациялы компания атанған Apple болса, биыл он жетінші орынға түсіп кеткен.

Рейтингте Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Uber-дің аналогы Grab такси сервисі екінші орын иеленген, ал үшінші орынды АҚШ Ұлттық баскетбол лигасы иеленді. Ол рейтингке түрлі технологиялық шешімдердің арқасында енген, оған мысал былтыры NBA 2K киберспорт лигасы.

Олардан өзге үздік ондыққа Walt Disney кинокомпаниясы, Stitch Fix қосымшасы, Sweetgreen мейрамхана желісі, Apeel Sciences компаниясы, Square төлем сервисі, Twitch стриминг видеосервисі енген. Сондай-ақ рейтингте қытайлық Alibaba интернет-ритейлері он бесінші орыннан көрінді.

Fast Company рейтингті жасағанда компаниялардың тұтас өндіріске, мәдениетке әсерін негізге алған.

Massaget.kz