- Негізгі бет
- Техно
- Әлемде ноутбукке деген...
Әлемде ноутбукке деген сұраныс азайды
Әлемде ноутбуктің сатылымы біршама азайып кетті. Әсіресе, 2022 жылғы ақпан айындағы көрсеткіш былтырғы ақпандағы көрсеткіштен әлдеқайда аз. Мұндай қорытындыны жасаған – Digitimes Research сайтының аналитиктері.
Сарапшылардың айтуынша, ноутбук шығарумен айналысатын әлемдік ірі бес компанияның (арасында Apple жоқ) тауар сатылымы былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайыздай төмендеген.
Аналитиктердің айтуынша, пандемия кезінде электроника мен компьютерге деген сұраныс біршама артқаны белгілі. Одан бөлек, майнинг дүрбелеңі де мықты, қуатты компьютерге деген сұранысты арттырды. Ал қазір пандемия аяқталды. Соған орай сұраныс та төмендеген көрінеді.
Одан бөлек, қазір әлемде электронды компоненттер жетіспей жатыр. Содан фабрикаларда жаңа модельдерді құрастыру жұмыстары тоқтап тұр.
Қ. Слямбек