QR-код қазір түрлі салаға еніп, төлем, ақпарат, басқа да қызметтерге арналған құралға айналды. Әсіресе, пандемия әсерінен QR-кодтың көбейгенін байқауға болады. QR-кодтың осылай дамып, көбеюімен бірге оның саны бітіп қалмай ма деген сұрақ туары сөзсіз. Ендеше соған жауап іздеп көрейік.
QR-код деген не?
QR-код дегеніміз – матрицаға ұқсас штрихкод, ақ түстің үстіндегі қара шаршы торкөз. Мұндай штрихкодтың сызбасын технология тез "оқиды". QR-код шығарған әрбір штрихкод – бірегей. Одан басқа код жоқ. QR-кодтың басқа штрихкодтардан айырмашылығы немесе артықшылығы – қара квадраттың көлемі кіші болатыны. Кіші кодты технология жылдам айырады, ал көлемі ірі кодты "оқуға" көбірек уақыт кетуі мүмкін.
Ал QR-кодтың мақсаты – бәрін жылдам істеу, процесті жылдамдату.
Ең минимал нұсқасы – 21×21 пиксель, ал ең ірісі – 177×177 пиксель.
Мәселен, QR-кодты алғашқылардың бірі болып қолданысқа кіргізген WeChat әлеуметтік желісінің негізгі код көлемі – 25×25 пиксель.
Бір квадраттан қанша код шығаруға болады?
QR-кодтың негізгі фигурасы – шаршы, яғни, квадрат. Мәселен, төменде тұрған 4 квадраттан қанша QR-код шығаруға болады деп ойлайсыз?
Дұрыс жауабы – 16 шаршы. Торкөздің нұсқалары мынадай.
Ал Қытайдың WeChat әлеуметтік желісінің 25×25 пиксельді модулінен қанша QR-код шығаруға болатынын қарастырып көрейік. Торкөздің ішінде 25 тік баған мен 25 көлденең баған бар. Одан 478 өріс шығады.
Бинарлы есептеу жүйесімен есептесек, бір модульді не ақ түсті, не қара түсті етуге болады. Осыдан 478 өрісті екі түспен түрлендіріп, 2478 QR-код шығаруға болады. Демек, 25х25 пиксельді QR-кодты 780437137578998057845399307448291576437149535666242787714789239906342934 нұсқамен түрлендіруге болады екен.
Бұл санды танымақ түгіл, түбіне жетудің өзі қиын. Бұл өте көп. Яғни, QR-код жақын арада таусылатын штрихкод емес. Мәселен, пандемия кезінде қытай қолданушылары 140 миллиард QR-код ойлап тапқан екен.
Бір жылда орта есеппен WeChat желісі 600 миллиард код шығарады.
Есеп: 2478: 600 млрд = 1,301 × 10132
Сонда 25х25 модульді QR-кодты толық қолданып біту үшін 1 миллиард жыл керек екен.