Эксперттер 2025 жылға дейін құрылғанына 40 жыл болатын атом электр станцияларының 70 пайызының жұмысы тоқтатылады дейді. Bussines Insider-дің хабарлауына қарағанда бұл энергия нарығында үлкен бетбұрыс болып, жүз мыңдаған мамандар еңбек етіп жатқан бүтін басты бір ғылымның өмірінің бітіп жатқанын көрсетеді. Соңғы онжылдықта АҚШ-та бес АЭС жабылды. Олардың орнын энергияның жаңа түрлері иеленіп алды. АЭС-тің жабылуының бірінші себебі бұл экономика, атом электр станцияларын салу мен пайдалануға қарағанда жақсы қызмет ететін газ және көмір станциялары. Екінші себеп құрылыстың қауіпсіздігі. АЭС-тің құрылысы өте қымбатқа түсуінен бөлек, ешқандай мемлекетке Чернобыль апаты керек емес. Үшіншіден, атом энергетикасына қатысты теріс көзқарас экологиялық таза энергия көздерін күн фермаларын немесе геотермалдық қондырғыларды құруды ынталандырады және бұл бүкіл әлемде кең таралып жатыр. Ғалымдар жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып, АЭС-тер келесі онжылдықта мүлдем жоғалып кетеді деп отыр.