Джорджия Технология институтында ұшқышсыз басқарылатын жүйелерді зерттеуге арналған ғылыми орталық бар.
Осы институт ғалымдары таяуда су астында «жүзгіш» GTQ-Cormorant квадрокоптерін сынақтан өткізді. Олар тәжірибе барысы түсірілген бейнероликті жариялады. Роликтен дронның жүзуді реттеу тетігі бар екендігі байқалды. Аппарат алдын ала 18 сантиметр тереңдікті жоспарлап, суға түседі екен. Артынша ол судан көтеріліп, ұшады.
Дереккөз: 24.kz