1912 жылы сәуірде АҚШ соты Атлант мұхитының түбіне батып кеткен аты аңызға айналған Титаниктің корпусын қайта ашуға рұқсат етті. Бұл ең алдымен кемемен бірге батып кеткен Marconi сымсыз радиотаратқышын су бетіне шығару үшін жасалады.
Қайғылы жағдайдан жүз жыл өткен соң, 2012 жылғы сәуірде кеме су астындағы мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияға сәйкес Титаник ЮНЕСКО-ның тізіміне енді.
Титаник ішінде тарихи жәдігерлерді су бетіне алып шығумен суасты кемелерін жер бетіне шығарумен шұылданатын RMS Titanic компаниясы айналысады. Дәл осы компания кемені 1994 жылы тапқан еді.
Аты аңызға айналған Титаниктің зерттелуі, ең алдымен, оның каютасында болған Marconi компаниясының сымсыз телеграфын су бетіне шығару үшін қажет. Дәл осы телеграфтан кеме батып бара жатқанда апат туралы хабарлама жіберілген. Бұл құрылғы кеме апатының кейбір жұмбағына жауап бере алатындығы атап өтілген. Мәселен, қауіпті айсберг туралы ескерту хабарламаларын алғанына қарамастан, кеме неге жоғары жылдамдықпен мұзтауға қарай жүзгені әлі күнге дейін жұмбақ.
Зерттеушілер кемені осы күнге дейін тек сыртынан қарап зерттеген. Судья Ребекка Бич Смит телеграфтың тарихи және ғылыми маңызы бар екенін атап өтті. Егер ол су бетіне шығарылмаса, онда ол кеменің қирандыларының астында мәңгі қалуы мүмкін.
2019 жылы Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания арасында келісім күшіне еніп, екі компанияға биліктің арнайы рұқсатымен Титаниктің батып бара жатқан жерінде жұмыс істеу құқығын берді.
Ғалымдардың айтуынша, кеме теңіз жәндіктерінің кесірінен бүлініп жатыр. Алдағы 10-15 жылда кемедегі тарихи артефактілерді су бетіне алып шықпаса кеш болады.
Айта кетейік, 1912 жылдың 10 сәуірінде Англияның Саутгемптон қаласынан Нью-Йоркке (АҚШ) бет алған Титаник сәуірдің 14-інен 15-іне қараған түні айсбергпен соқтығысып мұхит түбіне батып кетті. Қайғылы оқиға 1500 адамның өмірін қиды.