- Негізгі бет
- Техно
- АҚШ компаниясы шөлді...
АҚШ компаниясы шөлді ауадан ауыз су алуды жоспарлап отыр
Фото:
lastday.club
АҚШ-тың Аризона штатында орналасқан "Zero Mass Water" ауыз суды антикалық тәсілмен алғысы келеді. Ол бұл үшін шөлді ауаны пайдалануды көздеп отыр.
Bloomberg-тің хабарлауынша, компания жылына 2,3 млн литр су алуды жоспарлаған.
Ол үшін Дубайдан 20 шақырым қашықтықта күн электр стансасын орналастырып, зауыт әрқайсысының құны 2500 доллар тұратын 1250 гидропанелмен жабдықталады.
Гидропанельдер шөл ауасынан буды сіңіреді және одан күн энергиясын пайдаланып су алады. Бұл үшін Дубай климаты өте қолайлы.
Компания аталған технология тұзсыздандырудан гөрі қымбат екенін мойындайды. Шөл ауасынан алынған бір литр судың бағасы 2,72 доллар болады.
Т. Раушанұлы