АҚШ инженерлері роботтарға қуат беретін жасанды "жүрек" құрастырды. Бұл туралы Proceedings of the National Academy of Sciences жазды.
Құрылғыны Корнелл университеті мен АҚШ армиясының зерттеу зертханасының ғалымдары жасаған. Олар механизм гидродинамикалық және магниттік күштердің әсерінен қозғалысқа келтірілетінін айтты.
"Біз бұрын роботтар үшін қан ұсынған болатынбыз. Осы екі элементтің қосындысы оларды шынайырақ ете алады", - деді Роб Шеферд.
Құрылғы роботтың ішінде болған кезде оның қозғалатын бөліктеріне қуат береді.Ол адамның жүрегі мен қан тамыры сияқты жұмыс істейді.
Жаңа құрылғы жұмсақ силикон түтікке негізделген, оған сым магниттік катушка ретінде оралған. Түтіктің ішінде магнит бар. Зерттеу авторларының пікірінше, құрылғының өнімділігі мен оның көмегімен пайда болатын қысым басқа құрылғыларға қарағанда шамамен 100 есе артық.
Енді ғалымдар осы жасанды "жүректі" негізге ала отырып жаңа робот құрастыруды жоспарлап отыр.