- Негізгі бет
- Техно
- Ақпанда таныстырылатын смартфондар...
Ақпанда таныстырылатын смартфондар
Ай сайын әлемнің техгологиялық алпауыттары жаңа өнімдерін ерекше ықыласпен таныстырып, бір-бірінен түрлі факторда асып түсуге талпынып жатады. Жыл бойы жаңа модельдер бірінің артынан бірі шығып, түрлі жаңалық пен инновацияға куә боларымыз сөзсіз. Ақпан айында біршама қабілетті смартфондар таныстырылады. Себебі 25 ақпанда MWC 2019 тұтынушылар көрмесі өтеді. Ендеше назарыңызға техноқауым күтіп жүрген, ақпан айында шығатын смартфонар легін ұсынамыз.
Samsung Galaxy S10
20 ақпанда Samsung арнайы іс-шара ұйымдастырады. Онда Galaxy S10e, S10, S10+ және S10x смартфондары таныстырылады. Құрылғылар барлық соңғы флагмандық жабдықтарға ие болмақ. Смартфондардың дисплейі барынша кеңейтіліп, жақтаулары өте жіңішке етіп жасалмақ және саусақ ізі сканері дисплейдің өзінде болады. Өзге де сипаттары әлі ресми жарияланған жоқ.
Nokia 9 PureView, Nokia 6.2 және 8.1 Plus
Mobile World Congress 2019 көрмесінде жұртшылық көп күткен флагмандық, Light технологиясы қолданылған 5 камералы Nokia 9 смартфоны таныстырылады. Бұл камерофон суретке нарықтағы кез келген смартфоннан жақсы түсіреді деп болжанып отыр.
Одан бөлек бюджетті смартфондар да шығады. Nokia 6.2-ге Snapdragon 632 процессоры орнатылып, 6,2 дюймдік дисплейге ие болмақ. Ал 8.1 Plus Carl Zeiss оптикасымен жабдықталып, тек Қытай нарығында сатылмақ.
LG G8 және V50 ThinQ
LG компаниясы әдетте MWC көрмесінде тек G серисын таныстыратын, бірақ бұл жолы V50 ThinQ смартфонын да көрсетек. Құрылғылардың басты ерекшелігі жанаспай басқару технологиясы болмақ. Екі смартфон да Snapdragon 855 процессорымен жұмыс істейді.
Sony Xperia XZ4, XZ4 Compact, XA3, XA3 Ultra, L3
Атауларынан адам шатасатын Sony смартфондары да көрмеге қатысады. Компанияның жаңа фоагмандары көлемді болмақ. Мысалы Xperia XZ4 дисплейінің ара-қатынасы 21:9 болатын тұңғыш смартфон атанатын болады.
Орта бюджетті XA сериялы смартфондар болса стандартты 6,5 дюйм (XA3 Ultra) мен 5,9 дюйм (XA3) дисплейге және Snapdragon 660 процессорына ие болады.
Ал L3 моделі – бюджетті сегменттегі жаңа құрылғы. Смартфонның 5,7 дюйм дисплей мен 2 камерасы бар.
Xiaomi Redmi X және Redmi Note 7 Pro
Redmi X бюджетті сегментке жат үстемдікке ие болады: дисплейдегі саусақ ізі сканері, Snapdragon 710 процессоры және тағы басқалары. Соған қарағанда смартфонның бағасы да арзан болмайды. Аталған модель 15 ақпанда жарық көреді.
Note 7 Pro сәл қарапайым нұсқа болмақ. Жай ғана Note 7-ге қарағанда телефонға Snapdragon 675 процессоры орнатылып, 6 ГБ жедел жады мен 125 флеш-жады болады.
Vivo V15 Pro және Oppo Realme 3
Аталған компаниялар ВВК-ге тиесілі. Сондықтан олардың өнімдері де ұқсас келеді. Vivo V15 Pro 20 ақпанда Galaxy S10-мен қатар таныстырылады. Смартфонның Vivo NEX аналогиясы сияқты жылжымалы фронтал камерасы болады. Oppo Realme 3 те ақпанда шығады. Бұл модельдің басты ерекшелігі 48 мегапиксельдік камерасы болмақ.
Бұл тізімдегі смартфондардың жан-жақты сипаттамалары мен қабілеттері әлі ресми жарияланбады. Әдетте компаниялар оны презентацияға санаулы күндер қалғанда ғана тарата бастайды. Сондықтан жаңа құрылғылардың шығатын күні мен тестілі дизайны ғана белгілі.
Massaget.kz