- Негізгі бет
- Техно
- "Airbus" компаниясы ұшатын...
"Airbus" компаниясы ұшатын таксиін сынақтан өткізді
"Airbus" компаниясы "Vahana" жобасы негізінде жасап жатқан "Alpha One" алғашқы ұшатын таксиін сынақтан өткізді. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
Компания мамандары қаңтар айының соңында Пендлтонда (АҚШ, Орегон штаты) ұшатын таксиді сынақтан өткізген. Сынақ кезінде ұшатын такси биіктікте 53 секунд болып 5 метрге жуық жерге ұшқан. Жүргізушісіз такси екінші сынақ кезінде ұзағырақ ұшатын болады.
"Alpha One" таксиінің ені – 6,2 метр, ұзындығы 5,7 метрге тең. Ал биіктігі 2,8 метр. Такси 745 кг салмақты көтере алатын күшке ие. Кабинаға бір ғана адам сияды. Қазір пилотсыз ұшуын сынақтан өткізіп жатыр. Компания ұшатын таксиді зат тасымалдау мақсатында пайдалануды көздейді.
"Airbus" компаниясы ұшатын такси жобасын 2016 жылы бастаған. Нарыққа 2020 жылы шығаруды жоспарлап отыр.
Н. Үсенова