Америкалық стартап Alaka’i Technologies жаңа жоба — Skai сутекті аэротаксиін көрермендерге ұсынды. Aviation Week хабарлағандай, компания аппараттың алғашқы прототипін жасады.
Көптеген заманауи аэротакси жобасы бойынша олар электрлі ұшу аппаратынан, қозғалтқыш пен аккумулятормен жұмыс істейтін борттық жабдықтан тұрады. Бұндай аэротакси экологиялық тұрғыдан пайдалы болғанымен, олардың ұшу уақыты ұзаққа жетпейді.
Кейбір құрастырушылар ұшу уақытын ұзарту үшін аэротаксиді гибридті етіп жасайды. Борттық жабдыққа генератормен байланысты кішкентай қозғалтқыштар орнатылады. Олар ұшу кезінде электроматор мен аккумуляторларды қуаттайды.
Alaka’i Technologies компаниясының айтуынша, сутекті отынды қолдану да олардың ұшу уақытына айтарлықтай әсер етеді.
Жоба бойынша, Skai төрт сағат ұшады, ал толық қуаты 644 километрге дейін ұшады. Ал, оған жанармай құю тек 10 минут уақытты алады. Ол сағатына 190 километрге дейін ұшады.