Адамның телефонына қарап қайда жүргенін, қазір қай жерде тұрғанын анықтауға болады. «Оның бірнеше жолы бар» дейді Ресей маманы, Telecom daily ақпараттық талдау агенттігінің директоры Денис Кусков.
Оның айтуынша, смартфонмен адамның мекенжайын анықтаудың екі негізгі жолы бар. Бірі – заңды, енді бірі – заңсыз.
«Заңды жолы – «Локатор», «Радар» сынды операторлық байланыс қызметтерін пайдалану. Ол үшін USSD-өтінім жіберу жеткілікті. Мессенджердің кейбірінде «сөйлесіп тұрған адамның геолокациясын жіберу» деген функция бар. Соны да пайдаланса болады», - дейді Кусков.
Ал заңсыз жолына мыналар жатады.
«Apple Store мен Google Play-да пеленгатор-бағдарламалар бар. Оны бірақ телефон иесінің рұқсатымен орнату керек. Олай болмаса, адам құқығын бұзу бабына жатады. «Ата-ана бақылау» деген қызмет бар. Адамның (баланың) қайда жүргенін білу үшін соны пайдалануға болады», - дейді маман.