- Негізгі бет
- Техно
- Адамды веб-камера арқылы...
Адамды веб-камера арқылы бақылайтын вирус пайда болды
Америкалық зерттеушілер Mac операциялық жүйесін зақымдайтын вирус пайда болғанын анықтады. Оның пайда болғанына 3 жыл толған және өте жоғары мүмкіндіктерге ие болып шықты. Әзірге бұл вирус мүмкіндіктерін қалай қолдануға болатыны белгісіз.
FruitFly ("жеміс шыбыны") аталатын вирусты биыл Malwarebytes антивирус корпорациясы шығарған. "Жеміс шыбыны" биомедициналық лаборатория компьютерлерінде 2014 жылдан бері тығылып жатқан.
Сарапшылардың айтуынша, Malwarebytes антивирусы "шыбынды" тез анықтап, оған тосқауыл қоя алады. Десе де, бұдан хабардар болған Apple компаниясы өз өнімдерінің қорғанысын күшейтуге кірісіп кеткен болатын. Бірақ, бірнеше айдан кейін, дәл осымен бірдей екінші вирус шықты. Оны FruitFly 2 деп атап кеткен. Ал бұл вирусты ешқандай антивирус анықтай алмайды.
Вирустың негізгі белсенділігі тұтынушы іс-әрекеттеріне тыңшылық жүргізу. Ол адамды веб-камера арқылы қадағалап отырады, экранның фототүсірілімдерін жасайды, қолданушы басқан әрбір тетікті тізіп отырады және хакерді компьютер иесінің қандай әрекеттер жасағанынан хабардар етеді. Бір қызығы, вирус адамның жеке электронды иелігін ұрламайды, тек тыңшылықпен ғана шектеледі.
Бұл вирусты АҚШ ұлттық қауіпсіздігі агенттігінің бұрынғы хакері Патрик Уордл анықтаған. Бірақ, ол жеке адамдар туралы ақпаратты өз пайдасына жұмсамай, болған жайтты ҰҚК-не хабарлаған.
Қазір Федералды агенттік FruitFly вирусын кім ойлап тапқанын және оның қалай жұмыс жасайтынын анықтап жатыр.
А. Оралқызы