Сингапурда Bishan-Ang Mo Kio саябағын күзету үшін Boston Dynamics компаниясы Spot атты робот-итті пайдаланатынын хабарлады.
Робот коронавирус кезінде адамдар арасында сақталуы керек қашықтықты бақылайды.
Робот-ит келушілерден қажет болған жағдайда қауіпсіз қашықтықта бір-бірінен алыс тұруды сұрайды. Ол уақытша екі апталық сынақ аясында қолданылады.
Робот берілген тапсырмаларды орындау үшін камерамен, дыбыс ұлғайтқышпен және басқа да қажетті құрылғылармен жабдықталған. Үкімет өкілдері камераны адамның бет-әлпетін анықтау үшін емес, қашықтықты бақылау үшін ғана қолданамыз дейді.
"Бұл жер адам көп шоғырланатын қауіпті аймақ болғандықтан таңдалды. Егер сынақ сәтті өтсе, робот иттер басқа саябақтар мен тіпті көшені де күзетеді", – делінген үкімет сайтында.