Адам жылына қанша селфи жасайды?

Адам жылына қанша  селфи жасайды?

Қытайдың смартфон шығаратын Honor компаниясы зерттеу жұмысын жүргізіп, әр адам жылына қанша селфи жасайтынын анықтады.

Сонымен, әр телефон тұтынушы жылына 450-ден астам селфи жасайды екен. Зерттеу қорытындысы бойынша ер адамдар әйелдерден көбірек селфиге түседі. Сондай-ақ, тәжірибеге қатысқан адамдардың 85%-ы уақыт өткен сайын өз-өздерін суретке көбірек түсіретін әдет тапқанын айтқан. Жасы үлкендерге қарағанда әлі 30-ға келмегендер 27%-ға көбірек селфиге әлдеқайда әуес екен.  

Бір қызығы, селфи енді сәнге айнала бастаған уақытта адамдар фильтр мен өңдеу батырмаларын көп қолданатын, қазір смартфон иелерінің 62%-ы сурет қалай түссе, сол күйінде жүктеуді жөн санайды.