Қытайдың ZKZM Laser компаниясы арақашықтықтан нысандарды тесіп өтетін лазер автомат прототипін ұсынды. Мамандардың мәлімдеуінше бұл қарудан антитеррорлық қару ретінде пайдалануға болады. Модел ZKZM-500 деп аталып, атақты Калашников автоматы өлшемдеріне ие. Лазер қару 800 метрдегі нысандарды да жоя алады. Ерекшелігі сол бұл қару тіршілік иелеріне зиян келтірмейді тек физикалық нысандарды жояды. Мысалы, бұл қарумен адам нысанға алынып атылса оған зиян келмейді, бірақ киімі өртеніп кетеді екен. Сондықтан аталған қаруды бейбіт қарулар қатарына қосуға болмайды. Қару жасаушылардың айтуынша ZKZM-500 полиция тарапынан түрлі мақсаттарда қолдануға болады. Мысалы, қашып бара жатқан көліктерді тоқтату мен қылмыскердің техникасын жоюға. Тағы бір ерекшелігі ZKZM-500-ден шығатын лазер көзге көрінбейді. Автоматтың толық қуатын бірнеше рет пайдалануға болады. ZKZM-500 шамамен 15 мың АҚШ долларына бағаланған. Болашақта онымен полиция мен армия қарулануы күтілуде.