Xiaomi компаниясы OPEN Architecture дизайн жасау компаниясымен бірлесіп Марста өмір сүруге ниеттенгендер үшін арнайы капсула ұсынды. Тұрақжай модулінің 2,4х2,4х2 метр өлшемдегі берік сыртқы қабаты бар және өмір сүру үшін қажет шар тәрізді бөлікпен біріккен. Үй ішіне күн нұры мен жел энергиясын жинайтын құрылғы орнатылған. Капсула смартфонмен де, компьютерменде басқарылады және Xiaomi экожүйесіне қосылады. Xiaomi мамандарының айтуынша, модуль өте ыңғайлы, тез жиналып, тез құрылады. Оны Қызыл ғаламшарда саяхат кезінде, өзіңізбен бірге алып жүруге еш қиындық тудырмайды. Қытай компаниясы концептін 4 қарашада Пекинде ашылатын көрмеде таныстыруды жоспарлап отыр.