- Негізгі бет
- Техно
- Xiaomi күннен қуат...
Xiaomi күннен қуат алатын смартфон шығаруы мүмкін
Фото:
nl.letsgodigital.org
Қытайлық Xiaomi компаниясы Күн энергиясынан қуат алуға қабілетті смартфонды патенттеп алды. Мамандардың ойынша, мұндай смартфон климаты ыстық елдердің тұрғындарына қолайлы болмақ.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік жөніндегі ұйымға 2018 жылдың 27 шілдесінде патенке өтініш беріліп, ол тек биыл 2 шілдеде жарияланып отыр.
Смартфон нобайында көрсетілгендей, оған фотоэлектрлі элементтен өзге жылжымалы камера орнатылып, дисплейі алдыңғы бөліктің 95%-ын алмақ.
Xiaomi-дің бұл өнімін жаңалық деуге келмейді. 2009 жылдың өзінде Samsung Күннен қуат алатын Guru E1107 телефонын шығарған еді. Оны Күн астында бір сағат қуаттаса, 10 минут бойы қоңырау шалып, сөйлесуге болады.