Xiaomi компаниясы NUWA XiaoDan атты робот жасап шығарды. Жасаушылардың сөздеріне қарағанда бұл робот жасанды интеллекттің арқасында кейбір сезімдерді білдіре алу қабілетіне ие. Робот сезіну мен табиғий сезімдерді білдіре алмаса да айналасындағы адамдардың кейбір іс-әрекетін қайталай алады. Сонымен бірге ол адамдардың жүзін, дауысын объекттердің қимылын тани алады. XiaoDan диалогтарды түсініп, оны саралап оған жауап ретінде үш өлшемді сезімдер модельін жаратады. Бұл адамдардың эмоциялық қозғалысын өзгертуге көмектеседі. Аталған роботтың ауырлығы 4 келі. Арнайы дөңгелектерімен қозғалып, еркін 360 градусқа айнала алады. Батериясының қуаты 5200мА/сағатқа тең. XiaoDan бет есебінде 7 дюмді экраннан және дауысты есту үшін көп бағытты микрофоннан пайдаланады. Сонымен бірге оның төбесіне камера орнатылған, Wi-Fi арқылы видеоқоңырауларды амалға асыруға болады. XiaoDan үшін арнайы интелектуал диалог тізімі жасап шығарылған бірақ смартфон арқылы оны қайтадан бағдарламалап жаңа сөздер қосуға болады. Xiaomi NUWA XiaoDan үй жағдайында репетитор ретінде пайдалануға болады екен. Онымен балаларды ағылшын тілін үйретуге, мектеп сабақтарына, математика немесе астрономияны оқытуға болады. Бұл робот жақын күндері Қытай базарында 360 доллардан сатуға шығу жоспарланып жатыр.