- Негізгі бет
- Техно
- Windows жұмысын жақсарту...
Windows жұмысын жақсарту үшін
Windows компьютердің жұмысын бір қалыпта ұстау үшін көптеген бағдарламаны қолданушыға білдірмей басқарып отырады. Дегенмен кейбір бағдарламаның компьютер жұмысына берер еш пайдасы жоқ.
Қосымша қызметтердің жұмысын Windows арнайы менеджерінде өшіруге не қосуға болады. Ол үшін пернетақтадан Windows + R батырмаларының комбинациясы арқылы менеджерді ашу қажет. Одан кейін services.msc командасын теріп, Enter-ді басады.
Экранға шыққан кестеде менеджер барлық қосышма қызметтердің тізімін жасайды. Бұл жерден әрбір бағдарламаның кішігірім сипаттамасын оқуға болады. "Іске қосу түрі" бағанасынан қай қызмет қолданылып тұрғанын көре аласыз.
Керек емес қызметтердің жұмысын тоқтату үшін үстінен екі мәрте басып, "Іске қосу түрі" қызметінде "Өшіру" батырмасын таңдау қажет. Компьютер жұмысына қауіп төндірмеу үшін өшкен қызметтердің іске қосарда өздігімен емес, қолмен қосатын әдісті таңдаңыз. Сонда қызметтер тек қажет кезінде қосылып, басқа уақытта өшірулі тұрады.
Компьютердің жұмысына әсер етпейтін қызметтердің тізімін ғаламтордан іздеуге болады. Windows 10, Windows 8/8.1, Windows 7, Windows Vista және Windows XP жүйелерінің қызметтері әр түрлі келеді.