Facebook компаниясы танымал WhatsApp мессенджерінде жарнамалау жоспарларынан бас тартты. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.
Дереккөздердің мәліметінше, компания мессенджерге жарнама енгізумен айналысатын команданы таратып жіберген. Бұл топ жарнаманы "статус" бөліміне енгізуі керек еді, бұл Instagram-дағы "историяның" аналогы. Команда жұмысының нәтижелері WhatsApp кодынан жойылды.
Басылым Facebook жақын болашақта бизнес-пайдаланушылар үшін табыс таба алатын мүмкіндіктер жасауға назар аударуды жоспарлап отырғанын айтады.
Айта кетейік, Facebook WhatsApp-ты 2014 жылы сатып алды. Мессенджерді қолданушылар мұның алдында жылына 0,99 доллар төлеуге тиіс еді. Ал Facebook бұл төлемді алып тастады.
Марк Цукерберг мессенджерге жарнама енгізу жоспары жоқ екенін айтты. WhatsApp Facebook-тің меншігіне айналғасын сервистің негізін қалаушылар Брайан Эктон мен Ян Кум басшылықпен келісе алмай кетті. Ян Кум Facebook-тың WhatsApp-қа қолданатын саясатын жақтамады – олардың қатарында мессенджерге жарнамаға біріктіру, жарнама берушілер үшін қолдаланушылардың жеке деректерін пайдалану және WhatsApp қолдаланушы контентін шифрлауды әлсірету әрекеті бар.