Аустралия астанасы Мельбурн қаласында Uber компаниясы жаңа жобаны қолға алды.
Жоспар бойынша Uber Air атты жоба 2023 жылы іске қосылады, ал келер жылдан бастап тәжірибеден өткізіле бастайды.
Вашингтонда өткен Uber Elevate Summit конференциясында компания өкілдері әуе такси қызметі үшін Мельбурннің таптырмас орын екенін ескеріп, Лос-Анджелес пен Далластан кейінгі үшінші қала ретінде таңдады. Бұл жобаның басты мақсаты - көлік жүйесін, әсіресе әуежайларды мегаполис орталықтарымен байланыстыру.