Илон Масктың компаниясында Tesla электркөліктерін жасап шығаратын мамандардың жетекшісі қызметін атқаратын Дуг Филд компаниядан кетіп, өзінің бұрынғы жұмыс орнына оралды. Tesla жобасының бас инженері қызметінде болған азамат енді Apple компаниясында өз жұмысын жалғастырады. Бұл жайында The Verge интернет басылымы хабарлады. Дәлірек айтсақ, инсайдер Джон Грубер мәлімдеген. Оның айтуынша, Илон Масктың ең маңызды қызметкері мамыр айында еңбек демалысына шығып, сол кеткеннен компанияға қайта оралмаған. Білікті маман енді Apple компаниясының Titan жүргізушісіз басқарылатын көлігін жасап шығару жобасымен айналысады. Дуг Филд 2013 жылға дейін бұл компанияда Мас компьютерін жасап шығаруға жетекшілік еткен. Сол жылы маман Илон Масктің көзіне түсіп, оны өзінің компаниясына қомақты қаржы беріп шақыртып алған еді. Жылдың екінші жартыжылдығының табыс көрсеткіші бойынша, Tesla рекордтық деңгейде шығынға батты. Ал Apple болса жақында капиталы триллионды құрайтын компания атанды.