Tesla компаниясы қызметкерлерінің 7 пайызын жұмыстан босатанын мәлімдеді. Осы арқылы компания Model 3 электрокарын жасап шығару үшін қаражат үнемдемекші.
Илон Маск өткен жыл табысты һәм ауыр болғанын айта келіп, биыл электромобиль жасап шығаруда шығындарды азайту мақсатында, қызметкерлеріне қысқарту болатынын ескерткен.
Tesla биыл 3,5 мың маманын жұмыстан шығаруды жоспарлаған. Былтыр да компания 9 пайыз қызметкерімен қош айтысатынын хабарлаған болатын. 2018 жылдың статистикасына сәйкес Маск компаниясында 377 543 адам жұмыс істейтіні мәлім болған еді.