Telegram үшін 2019 өте маңызды жыл болады

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің арнасында Telegram жайлары ойларымен бөлісті. Дуровтың ақпаратына сүйенсек, 2018 жыл компания үшін сәтті өткен. Ол команда мұнымен тоқтап қалмайтынын, 2019 жыл сервис үшін өте маңызды жыл болғалы тұрғанын айтты.

– 2018 жылы Telegram толайым табыстарға жетті. Компанияның өткен жылы жеткен жетістіктері де жетерлік. Желідегі жарнамадан жалыққан миллиондаған адам Telegram-нан өз аккаунттарын ашты. Соның нәтижесінде, Telegram хат алмасуға арналған қауіпсіз бірегей мессенджерге айналды. 2018 жылдың жетістіктерін бағалай отырып, біз 2019 жылы сіздердің кейбір ұсыныстарыңызды сервиске енгізбекпіз. 2019 жыл біздің қолданушыларымыз үшін олардың қалағаны іс жүзінде орындалатын жыл болмақ.

Компания басшысының сөздеріне сенсек, Telegram мессенджерінің болашағы жарқын. Осы орайда, сайтымыздың аталған мессенджерде де жеке арнасы барын хабарлаймыз. Бұл алаңда Massaget.kz порталының ең қызықты мақалалары жарияланады. Кіріп көріңіз!