Telegram арқылы енді лифт карталарына төлем жасауға болады

Telegram арқылы енді лифт карталарына төлем жасауға болады
Фото: cyberbannews.com

Көл-көсір артықшылыққа ие Telegram мессенджері арқылы астаналықтар енді лифт карталарындағы балансты толтыра алады. Бұл туралы «Astana Innovation» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев Facebook желісіндегі жеке аккаунтында хабарлады.

Хабарламада «Біз Telegram мессенджеріндегі елордалық чат-бот арқылы Https://t.me/smartastana_bot лифт карталарындағы балансты толтыру мен төлеуді жүзеге асыру қызметін іске қоспақпыз. Енді әрбір карта қолданушысы Smart Astana чат-боты арқылы өз баллансын тексеріп, оны толтыра алады. Оны банк картасы арқылы да, ұялы байланыс арқылы да толтыруға болады. Бәрі оңай», - деп жазылған.

Олжас Сартаевтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл қызметке «Елорда-сервис», «Сарыарқалифт», «ЕсілЛифтПром» лифт компаниялары қосылып үлгерген. Алдағы уақытта тағы 8 компания қызметке қосылады. «Алдағы бір-екі айда чат-бот арқылы тағы бірнеше төлем сервисін қосамыз. Қазір елордалық чат-ботты жасанды интеллект ерекшелігіне үлестіріп жатырмыз. Чат-бот үйреніп, алгоритмді есіне сақтауда», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін атаулы әлеуметтік желі арқылы мекенжай анықтамасын алуға, сонымен қатар дәрігердің қабылдауына онлайн режимде жазылуға болатынын хабарлаған едік. Жақында, осы қызметтердің қатарына лифт карталарына төлем жасау мүмкіндігі қосылды.

Құрметті оқырман! Massaget мақалаларын ыңғайлылық үшін енді Telegram мессенджерінен оқыңыз!

А. Қажиев