Экзоғаламшарларды табу, олардың атмосферасын зерттеу мақсатында TESS (Transiting Exoplanet Survey Satellite) орбитальды обсерваториясы кеше, 16 сәуір күні, іске қосылды. Құрылғының міндеті күн жүйесінен тыс, адам өмір сүруіне қолайлы, таулы ғаламшарларды табу. Nаsa-ның мәлімдеуінше ғарыш телескопы күннен басқа 200 мыңға жуық жарық жұлдыздарды зерттейді. TESS-тің көмегімен өзінің орбитасында айналып жүретін ғаламшарлары бар жұлдыздарды, ғаламшарға ұқсас ірі денелердің құрамы, көлемін зерттеу жоспарланған. TESS-те 6,5 метр диаметрлі шыны бар, бұл оған Hubble ғарыш телескобынан да жұлдыздар жүйесін анық зерттеуге көмектеседі.