- Негізгі бет
- Техно
- "TESS” – жаңа...
"TESS” – жаңа ғаламшарлар кілті
Фото:
spacegid.com
Экзоғаламшарларды табу, олардың атмосферасын зерттеу мақсатында "TESS" (Transiting Exoplanet Survey Satellite) орбитальды обсерваториясы кеше, 16 сәуір күні, іске қосылды. Құрылғының міндеті – күн жүйесінен тыс, адам өмір сүруіне қолайлы, таулы ғаламшарларды табу.
"Nаsa"-ның мәлімдеуінше ғарыш телескопы күннен басқа 200 мыңға жуық жарық жұлдыздарды зерттейді. "TESS"-тің көмегімен өзінің орбитасында айналып жүретін ғаламшарлары бар жұлдыздарды, ғаламшарға ұқсас ірі денелердің құрамы, көлемін зерттеу жоспарланған.
"TESS"-те 6,5 метр диаметрлі шыны бар, бұл оған "Hubble" ғарыш телескобынан да жұлдыздар жүйесін анық зерттеуге көмектеседі.
Т. Раушанұлы