SpaceX қыркүйекте бүкіл әлемді интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
SpaceX компаниясының жоспары бойынша, 12 мың жасанды жерсерігінен тұратын ғаламдық жүйе толық іске қосылғаннан кейін Жер шарының кез келген түкпірінен кең жолақты интернет байланысына қосылуға мүмкіндік тумақ. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестицияның жалпы құны 10 миллиард доллар деп бағаланған.
Starlink орбиталық тобы 1800 жер серігінен тұрады, бірақ олардың барлығы әлі орбитаға шығарылған жоқ. Қалған құрылғылар орбитаға ұшырылғаннан кейін Жер шары интернетпен толық қамтамасыз етіледі.
Барлық жерсеріктер қажетті орбитаға шыққаннан кейін, компания интернет таратуға рұқсат алу үшін келіссөздерді бастайды. Алайда әр ел үшін бөлек рұқсат қажет болғандықтан, бұл процесс ұзаққа созылуы мүмкін. Starlink-тің сынақ интернеті қазіргі уақытта 11 елге тараған.
Бұған дейін SpaceX-тің бас директоры Илон Маск 2021 жылдың аяғында Starlink спутниктік интернет жылдамдығы 300 Мбит/с жетеді деп айтқан.
Айта кетейік, Starlink – бұл ғаламшар тұрғындары үшін кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған келесі буынның спутник желісі. Жоба 2018 жылы ақпан айында іске қосылды. Содан кейін Falcon 9 арқылы екі спутник орбитаға бағыт түзеді. Барлығы 12000 жер серігі орбитаға шығарылады. 328 шақырымнан 580 шақырымға дейін орбитаға 30 000 қосымша жерсеріктерін жеткізу жоспарланған.