Америкалық миллиардер, инженер Илон Масктың жетекшілігіндегі SpaceX компаниясы ғарышқа жүк тасымалдап жатыр. 26 шілде күні "Falcon 9" зымыран-тасығышы Dragon кемесімен бірге АҚШ-тың Флорида штатынан сәтті ұшырылды. NASA кеменің бортында 2200 киллограмм жүк барын хабарлады.
Осы уақытқа дейін ауа райы қолайсыздығының салдарынан зымыранды ғарышқа ұшыру процесі кейінге қалдырылған еді. Зымыран бүгін Жерден әуеге көтерілді және орбитаға шыға салысымен бірден күн батареясын іске қосқан.
Жүкті тасымалдау миссиясы, осымен он сегізінші рет жүзеге асырылып отыр. Енді, жоспар бойынша, "Falcon 9" зымыраны 27 шілдеде халықаралық ғарыш станциясына қонуы тиіс.