- Негізгі бет
- Техно
- SpaceX алғаш рет...
SpaceX алғаш рет ғарыш туристерін Халықаралық ғарыш станциясына апарды
SpaceX алғаш рет ғарыш туристерін Халықаралық ғарыш станциясына апарды. Бұл сапарға туристер 55 миллион доллар төлеген. Олар ғарыш станциясында сегіз күн болады.
Америкалық Ларри Коннор, канадалық Марк Пэтти және израильдік Этан Стиббе Crew Dragon ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.
Саяхатқа 55 миллион доллар төлеген туристермен бірге NASA-ның бұрынғы астронавты Майкл Лопес-Алегриа болды, деп хабарлайды Euronews.
Сенбі күні ішінде астронавттары бар капсула Халықаралық ғарыш станциясымен біріктірілді.
Туристер станцияда сегіз күн болады, содан кейін Жерге оралады.
Туристерді тарихта алғаш рет Халықаралық ғарыш стансасына ресейлік "Союз" кемесі емес, Илон Масктың SpaceX компаниясы шығарған Crew Dragon ғарыш кемесі апарды.
Компания өткен жылдың қыркүйегінде бейбіт тұрғындардан тұратын экипажды ғарышқа ұшырды. Ол кезде бизнесмен, колледж оқытушысы және АҚШ-тың әскери ардагері үш күн бойы Жерге жақын орбитада болған.
Т. Раушанұлы