Жапондық Sony компаниясы жаңа смартфонын қолданысқа шығарғалы отыр. Xperia i1 Honami деп аталатын смартфон 4 қыркүйек күні ресми түрде таныстырылмақ.
Жаңа Xperia i1 Honami 4 ядролы 2,2 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын Qualcomm Snapdragon 800 процессорымен жұмыс жасайды. Құрылғы 5 дюймды FullHD дисплеймен жабдықталған. Смартфонның оперативті жады 2 ГБ құраса, флеш-жады - 16 ГБ. 20,5 мегапикселді камерасы екі бірдей жарық диоды бар жарқылымен ерекшеленіп отыр. Сонымен қатар корпусы смартфонды шаң мен ылғалдан қорғай алады, және артқы бөлігі жылтыр айнамен қапталған.
4 қыркүйек күні Берлинде ресми түрде таныстырылатын Sony ұсынатын смартфоннан екі сағат алдын Samsung өзінің жаңа Galaxy Note III смартфонын таныстырады. Apple 10 қыркүйек күні жаңа iPhone ұсынса, Nokia жаңа Lumia 825 смартфонын айдың соңына қарай ресми түрде таныстыруды жоспарлап отыр.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: knowyourmobile.com