Әлем елдері 5G-дің игілігін көрмей жатып, Samsung компаниясы 6G желісін іске қосу жоспарын бастап кетті.
5G желісінің жоғары жылдамдығы медицина және жасанды интеллекттен бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда жаңа мүмкіндіктер ашады. 4G желісіне қарағанда қосылу жылдамдығының тұрақтылығы 10 есе жоғары. Алайда корпорациялар мен технологиясы дамыған елдер 5G мүмкіндіктері жақын арада жеткіліксіз болады деп отыр.
Samsung басшылығы осы онжылдықтың аяғында 6G арқылы компания капиталын ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Алдымен 6-шы буын желісі автономды көліктер және инновациялық технологиялармен қамтамасыз етіледі.
6G желісіне қойылатын талаптар үшеу: тиімділік, сәулет және сенімділік. Желінің есептік жылдамдығы 1000 Гбит/с, ал кідірісі 100 микросекундтан аз. Жылдамдық 5G желісіне қарағанда 50 есе жоғары, ал күту уақыты 90 пайызға аз.
Samsung компаниясының жоспарына сәйкес, 6G желісі 2028 жылы сынақтан өткізіледі. Сонымен қатар оны қайта қарастыруға болады. Егер бәрі сәтті сынақтан өтсе, коммерциялық желі 2030 жылы іске қосылады.