1 қараша күні жаңа Salfish 3 оперативті жүйесінің презентациясы өтті. Оның мобильді нарықтағы алып Android-пен бәсекелес болатын ниеті бар екен. Salfish 3 оперативті жүйесі Qualcomm және MediaTek компаниялары жасаған ARM-процессорларға бейімделген. Демек, Apple-ден өзге мобильді құрылғыларда жұмыс істей береді. Финляндиялық Jolla компаниясының өнімі саналатын Salfish 3 былтыр, яғни, 2017 жылы жарқ етті. Бірақ ол кезде оперативті жүйенің ақауы көп еді. Араға бір жыл салып технологтар әмбебап, қуатты, барлық ақауы жөнделген өнім жасаған тәрізді. Жаңа оперативті жүйе Android, iOS-тарға мүлде ұқсамайды. Интерфейсі өте ерекше финн технологтарының стилі бойынша жасалған, оның үстіне өте жылдам, зыр жүгіретін көрінеді. Қауіпсіздік жағынан да біраз жетілдірілген, гаджеттегі бүкіл мәлімет шифрланады. Salfish 3-ті қазірдің өзінде орнатып қоюға болады, бірақ ол үшін бұғаттан енді шыққан Bootloader жүктегішін пайдалану керек. Jolla 8 қарашада оперативті жүйенің жаңа X нұсқасын шығармақ. Ол тек Sony смартфондарында ғана қолданылатын болады. Мамандар пікіріне сенсек, Android-тың гегемониясын тоқтататын дәл осы Selfish 3 болмақ. Ал iOS-тың жөні бөлек.