- Негізгі бет
- Техно
- Safari браузері саусақ...
Safari браузері саусақ ізін қабылдайтын болады

Фото:
thespod.com
Бірер күн бұрын Apple macOS 10.14.4 операциялық жүйесінің бета нұсқасын шығарды.
Әзірлеушілер бұрынғы нұсқада кеткен қателіктерді жойып, жалпы тұрақтылыққа арналған өзгерістердің енгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл жаңа macOS жүйесінде Safari браузері саусақ ізін қабылдайтын болады.
Touch ID-ді іске қосу үшін бар болғаны саусақ ізін сәйкестендіруден өтесіз. Қолданушының есімі мен паролі автоматты түрде толтырылады.
Дегенмен Touch ID барлық MacBook-те істей бермейді. Саусақ ізін Touch Bar сенсорлы батырмасы бар MacBook Pro мен MacBook Air 2018 ноутбуктері ғана қабылдайды.
Massaget