SAMSUNG компаниясы Мексика мен Венгриядағы теледидар өндіретін ең ірі екі компаниясының өндіріс жүйесін LED жүйесіне ауыстыратынын жариялады.
Өндірісі ең зор болған Мексикадағы зауыт 2012 жылы 51 миллион 300 мың дана теледидар жасап, жалпы SAMSUNG өнімдерінің 20% иеленген. Бұл зауыт көктемнен бастап, бұрынғы LCD теледидарын өндіруді тоқтатады. Алда бұл зауыттар LED теледидарын өндіруге бағытталады.
SAMSUNG былтырдан бастап, Корея елінде LCD теледидарын өндіруді тоқтатқан болатын. Бұл жолы әр елдегі бөлімшелерді компания бір жола LED түріндегі теледидар өндіруге ғана бағыттап отыр.
Компанияға осындай шешім қабылдау сапа мәселесінен туындаған екен. LED түріндегі теледидар сапалы әрі адам денсаулығына келтірер залалы аз болғандықтан, LCD теледидарының орнын басып отыр.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: samsung.com