Жыртқыш аңдарды жақыннан суретке түсіру фотографтар үшін қиын екені анық. Мұндай тәуекелге баруға екінің бірінің жүрегі дауаламас. Бүгін біз сіздерге осындай сәтте пайдаланатын National Geographic технологиясымен таныстырмақпыз.
National Geographic жыртқыш аңдарды және адам өміріне қауіп тудыратын сәттердегі фотоларды роботтардың көмегімен жүзеге асырады. SuperDroid Robots компаниясы аталған журнал мен арнаның негізгі серіктесі болып табылады. Компания жануарлар әлемін зерттейтін арна мен журналдан тапсырыстар қабылдай отырып, фото мен видео түсіруге ыңғайлы роботтар жасап берумен айналысуда.
Қазіргі таңда National Geographic жыртқыш аңдарды фотоға түсіру үшін кішкене танк іспетті аппаратпен өз туындыларын жария етіп келеді. Сонымен қатар арнада MikroKopter атты ұшатын робот та бар. Ол жабайы табиғатты құс самғайтын биіктіктен түсіре алады екен. Бір қызығы жыртқыш аңдар мұндай роботтарға тез үйреніп, аса қатты назар аудармайтын да көрінеді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/KCBu4X4J3Rc","width":"450","height":"300"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: olenenyok.livejournal.com